×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Шымкентте шенділер жер телімдерін заңсыз өзгертіп отырған

Шымкентте шенділер жер телімдерін заңсыз өзгертіп отырған
kazbusiness.kz

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты үкімі өз күшіне енді, деп хабарлады  Ulysmedia.kz. Ұлттық қакіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Олар Қылмыстық кодекстің 206-бабының 3-бөлігінде және 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды. Сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айырылды, - делінген хабарламада.

МЕМЛЕКЕТКЕ 50 МЛН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ЗАЛАЛ КЕЛТІРГЕН

Тергеу кезінде сотталған адамдардың Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткені анықталды. Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 50 млн теңгеден асты.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Семей соты Абай облысының көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваға үкім шығарғанын хабарлады.