×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Банк несие алған адамның екі танысының дерегін не үшін сұрайды

Банк несие алған адамның екі танысының дерегін не үшін сұрайды
Коллаж Ulysmedia.kz

Елімізде банктен кредит алмаған адам саны аз шығар. Соңғы кезде банктен несие алу  тіптен көбейіп кетті. Банк несие алған адамның екі танысының дерегін сұрайтыны да белгілі. Осы ретте ол клиенттің екі таныс адамының дерегін не үшін сұрайды деген сауал туындайды. Оған жауап «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

«Банк клиенттен таныс екі адамының байланыс дерегін не үшін талап етеді? Оларға да қарызды қайтару міндеті жүктеле ме?», деген сұраққа жауап іздесек, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен мынадай жауап келіп түскен:

КРЕДИТ БЕРЕТІН БАНК ЕКІ АДАМНЫҢ ДЕРЕГІН СҰРАТА АЛАДЫ

Қарызды ресімдеу кезінде кредит беретін ұйым байланыс үшін екі адамның деректерін сұрата алады. Ол – болашақта қарыз алушымен байланыс орнату үшін және кредиттік шартқа сәйкес клиент қаржы ұйымы алдындағы өз міндеттерін орындамағанда және байланыссыз қалған жағдайда оның орналасқан жерін анықтау үшін керек. Бірақ, кредит шарты бойынша бекітілген міндеттеме қарызды ресімдеу кезінде байланыс үшін көрсетілген екі адамға жүктелмейді, - делінген жауапта.

НЕСИЕ АЛҒАН АДАМНЫҢ ТАНЫСЫ ЕШТЕҢЕГЕ ЖАУАП БЕРМЕЙДІ

«Кредит өтелмесе, екі адамның шоты қоса бұғаттала ма? Олардың да кредит тарихы бұзыла ма?», деген сауалға Агенттік кредиттік қарыз өтелмеген жағдайда, бұғаттау және басқа да тыйымдар – байланыс орнататын адамдарға қолданылмайтынын айтты.

Кепілдік беруші және кепілгер болып саналмайтын (сырттай) байланыстағы екі адам кредитор үшін жауапты болмайды, - делінген жауапта.

Содан түйетін ойымыз, банкке несие алған адамға жеке  деректерін берген адамдардың шоты бұғатталмайды, кредит тарихы да бұзылмайды. Мұнда банк алдында жауапкершілікті арқалайтын кредитордың, яғни қарыз алған адамның өзі.

Қазіргі кезде онлайн-несиеге  әлеуметтік тұрмысы нашар адамдар да ұрынып жатқаны белгілі. Бұл түптеп келгенде жақсы нәрсе емес. Халық банкке басы байлы тәуелді болып, жағдайын одан сайын қиындатып отыр.

Осыған байланысты жақында Электронды петициялар сайтында онлайн-несиеге тыйым салу туралы ұсыныс-хат келіп түсті.

Петицияға лудомания мен нашақорлыққа қарсы күреспен айналысатын «Хақ-Назар» қоғамдық қорының қызметкерлері қол қойған. Қор ұсыныс-хатты Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдады.