×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Балаларымен бірге қаза тапқан әйелдің өлім себебі айтылды

22.11.2021, 16:28
Фото: ашық дереккөзден

Полиция үш баласымен бірге көз жұмған әйелдің өлім алдын ала себебін мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 Алматы қалалық полициясы тергеу барысында өзін үш баласымен 9-шы қабаттан лақтырып жіберген әйелдің әрекетінің алдын ала себебі жайттарын анықтады. 

«Бұл отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізіндегі жұбайымен болған жанжал. Өлім алдындағы жазбасы бар. Басқа мән-жайлар айқындалуда. Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергелуде. Тергеу-жедел тобы құрылды», – дейді құзырлы орын өкілдері.

Ашық дереккөздерде хаттың жалпы мағынасы өмірден шаршау жайлы екені келтірілуде. 

Еске сала кетсек, Алматы қаласы «Жетісу» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылдары туған кішкентай балаларымен 9-қабаттан секірді. Қайғылы жағдай кезінде күйеуі үйде болмаған.

Серіктес жаңалықтары