Қайғылы жағдай 22 қараша күні Гвардиялық горнизонда (Жамбыл облысы, Отар) болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Ulysmedia.kz сайтына аға лейтенант Жандос Омаровтың 82796 әскери бөлімінде қызмет атқарып жүрген кезінде Макаров тапаншасымен өзінің жүрек тұсынан өзі атып өлтіргені белгілі болды. Дәл осы артиллериялық бригаданың офицерлері Қорғаныс министрлігі мен Жоғарғы Бас қолбасшы – Қасым-Жомарт Тоқаевқа әскерімізге бірнеше зымырандық кешенмен қайта қарулану немесе күрделі жөндеуден өткізуге қатысты мәселені жеткізуге тырысқан болатын.
Төтенше жағдай 5:30-да болған. Қорғаныс министрлігі өзін-өзі атып өлтірген офицердің туыстары бұл оқиғаны жарияламауды өтінгеніне сілтеме жасай отырып, бұл ақпаратты журналистерден жасыруға тырысқан.
Қорғаныс министрлігі ақпаратты бүгін растады.
«Осы жылдың 22 қарашасында Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімінде офицер өз-өзіне қол жұмсады. Марқұм бұл әрекетке барар алдында хат жазып қалдырған. Қазір бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін, сондай-ақ туыстарының өтініші бойынша өзге де мәліметтер жария етілмейді», - делінген хабарламада.