×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Нығматулин Сұлтановқа: Сіз алыс көкжиекке қарай білуіңіз керек

24.11.2021, 09:43
Нығматулин Сұлтановқа: Сіз алыс көкжиекке қарай білуіңіз керек
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжілісте биржалық сауданы дамыту мәселелеріне арналған заң жобасы қаралды. Заң жобасын депутаттардың алдында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қорғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құжатты талқылау барысында депутат Елдос Абақанов көмірсутек бірлігі туралы мәселе көтерді. Депутаттың айтуынша, бұл бірліктің саудасы сауда биржасында жүріп жатыр. Заманға сай осы нарықтық тетік қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды азайтуға бағытталған.

«Аталмыш мәселенің маңыздылығын ескере отырып, депуаттар ҮЕҰ өкілдері мен сарапшыларды тарта келе көмірсутек бірліктерінің саудасы бойынша жеке мамандандырылған биржаны бөліп шығаруды ұсынды. Бақыт Тұрлыханұлы, осы ұсынысқа қалай қарайсыз?» - деді депутат.

Бұл сұраққа жауап берген Бақыт Сұлтанов заң жобасында қазіргі заманның тенденцияларының бәрі ескерілгенін мәлім етті.

«Мемлекеттердің бәрі таяуда ғана климаттық күн тәртібінде бас қосқан болатын. Мәселе талқылануда. Халықаралық биржа саудасында да. Сол себепті, көмірсутек саудасын биржалық саудада қарастыруды ұсынғанбыз, алайда заң жобасында қарапайым тауар биржаларымен бірдей саудаланытыны жазылған. Талқылау барысында оны бөліп, жеке биржаға шығару мәселесі талқыланған. Біз онымен келісеміз. Бірыңғай ережеде мамандандырылған биржалық сауданы бөліп шығарамыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Бұл мәселе жөнінде Мәжіліс төрағасы да пікірін білдірді. Жыл басында Қазақстанда экологиялық кодекстің енгізілгенін еске салған ол көмірсутек бірлігі саудасы ол заңда да қарастырылғанын мәлім етті.

«Мемлекет зиянды қалдықтарды шығарғанына қарамастан кәсіпорындардың бәріне квота таратқан кездер болған. Кәсіпорындар ашылса болды – біз оған зиянды қалдықтарды шығаруға рұқсат ететінбіз. Барлық салада! Қазіргі заманда климат бойынша жағдай өзгеріп барады. Солай емес пе? Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде тенденция сондай: зиянды қалдықтармен бәрі күресіп жатыр. Осы ретте тегін квоталардың бәрін әлбетте, біз былайша айтқанда жинақтай бастаймыз», - деді ол.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, яғни өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәріне екі таңдау беріледі: не жаңа көмірсутек технологиялары үшін ақша төлеу немесе қосымша квоталарды сатып алу. Оларды тауарлы биржада сату заманның талабына мүлде сай келмейді.

«Дамыған елдерде зиянды қалдықтар бойынша квоталардың бәрі де мамандандырылған деңгейде сатылады. Ендеше, несіне тауарлы биржа бойынша заң жобасын мұнда әкелесіз? Депутаттардың ескертуі дұрыс. Әлемдік тәжірибеге сүйену керек. Биржаға деген осындай әдіс халықаралық деңгейге шығаруға көмектеседі. Сіз сауданың ғана емес, интеграцияның да министрісіз емес пе? Сіз түсініп, алыс көкжиекке қарауыңыз керек қой. Бұл – сауда биржасында тоқсаныншы жылдардағыдай сата беретін тауар емес. Сол себепті заң жобасында түзетулерді енгізу керек. Екінші оқылымға дейін бейінді комитетпен осы мәселені жіті зерттелсін», - деп түйді Нұрлан Нығматулин.