×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Көмір кен орнынан халыққа жеткенше 10 «пысықтың» алдынан өтеді

24.11.2021, 11:22
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров көмірге байланысты ел іші дүргіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан көмір өндірісі бойынша әлемнің 10 елінің қатарына енетін мемлекет. Бүгінгі күні халыққа көмір сату тізбегінде шамамен 10-ға тарта буын қалыптасқан, соның негізгілері: көмір өндіру разрезі, темір жолмен жөнелтуге арналған тиеу пункттері, темір жол арқылы тасымалдау, теміржол тұйықтарында қабылдау терминалдары, көмірді тұтынушыларға жеткізетін тарату пункттері. Осы кезеңдердің барлығында әркім өз пайдасын қымқыруға тырысады, осыған байланысты баға қымбаттай береді», - деді депутат үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Оның айтуынша, көмір бағасын делдалдық құрылымдар нұсқап отыр.  Көмірді биржалық саудалаудың  ережелері делдал кәсіпорындарға көмірді үлкен көлемде сатып алуға және оны бірден разрезден 2-3 есе қымбат бағамен сатуға мүмкіндік береді деп айтуға негіз бар. Сату нүктелеріндегі көмірдің  жетіспеушілігі көмірді жеткізетін вагондардың тапшылығына байланысты. Сондықтан, көмір разрезден сату нүктесіне  6 күнде емес, 16 күнде жеткізіледі.

«Бүгінде разрезден тоннасы шамамен 7800 теңгеден сатылып жатқан көмір Алматы, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы сауда нүктелерінде тоннасы 25-30 мың теңгеден сатылуда! Осылайша, түпкі тұтынушы үшін баға бастапқыдан үш-төрт есе өседі. Бұл ауылдағы ағайынның қалтасы мүлдем көтермейтін баға! Осы қып-қызыл бағаға көмірдің өзі тапшы! Қақаған қыста азаматтар ақшасын төлеп қойып, көмірді тосуға мәжбүр!» - деді ол.

Ерлан Самров осығна байланысты ауылды елдімекен тұрғындарының тұрмыстық тұтынуы үшін көмірдің нормативті қорын қалыптастыруды жедел қамтамасыз ету керектігін айтады. Одан бөлек көмірді сату орындарына тасымалдау үшін қажетті вагон санын бөлуге басымдық беріп, көмір бағасын қалыптастырудың ашықтығын және көмірді көтерме сатып алушылар арасындағы барынша бәсекелестікті қамтамасыз ету қажеттігін мәлім етті.

 

Серіктес жаңалықтары