×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Итті аяусыз ұрды: Алматылық тұрғын итті ұрғаны үшін кешірім сұрады

26.11.2021, 23:34
Фото: скриншот

Итті аяусыз ұрған ер адамның кешірім сұраған видеосы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахмановтың Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«26.11.2021 күні Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде мені белгілепті. Бұл видео тұрғындардың наразылығын туғызды», - деп жазды Рустам Әбдірахманов Facebook парақшасына.

Сондай-ақ, ол итті ұрған адамның кешірім сұрауы жауапкершіліктен жалтартпайтынын айтып өтті.

«Құқық бұзушылық қоғамда талқыланса және тұрғындардың наразылығын тудырса – құқық бұзушы көпшіліктің алдында кешірім сұрайды. Кешірім сұрағаны жарияланғаннан кейін тексеру жұмыстары жалғасады және заң бұзушы ҚР заңдарына сәйкес жазасын алады», - дейді ол.

Тексреу жұмыстарының нәтижесінде итті ұрған адам 05.11.1999 жылы туған Жарқын Сұңқар екені анықталды. Тексеру жұмыстары Алматы қаласының полиция департаменті мен Бостандық ауданындағы полиция басқармасының бақылауында.

Жарқын Сұңқардың иті Retrivery Help Almaty қорына табысталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы тұрғыны итті аяусыз ұрғаны туралы жаздық. 

Серіктес жаңалықтары