×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Студенттер қыркүйекте стипендия алмайды

Бүгін, 17:09
Студенттер қыркүйекте стипендия алмайды
Ашық дереккөз

2024-2025 оқу жылының бірінші курс студенттері қыркүйектің стипендиясын қазан айында алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ал медициналық университеттердің студенттері екі айдың шәкіртақысын қазан айының соңында бір-ақ алады. 

НЕГЕ

«Қаржы орталығының» телеграмм-арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа оқу жылының шәкіртақысы үкіметтің 2008 жылғы 7 ақпандағы қаулысына сай, жоғары оқу орындардың есептерін тексергеннен кейін ғана төленеді. Ал дереккөз ол уақыт қазан айының іші болады дейді.

Сондай-ақ, медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленетінін хабарлаймыз. Шәкіртақы қазан айының соңында төленеді, - деп жазды Қаржы орталығы.

БАСҚАЛАРЫ

Дереккөзге сүйенсек, қалған курстардың студенттері шәкіртақыны уақытында алады.