×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Омикрон штамының қаншалықты тез жұғатыны зерттелуде – министр

29.11.2021, 18:29
Омикрон штамының қаншалықты тез жұғатыны зерттелуде – министр
Фото: ашық дереккөз

Омикрон штамының адамнан адамға қаншалықты тез жұғатыны анықталып жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Фейсбуктегі парақшасына жазды.

«Омикрон салдыранан қандай ауру туындауы мүмкін екені әзірге белгісіз. Алдын ала деректер бойынша, Оңтүстік Африкада ауруханаға жатқандар саны артуы мүмкін, бірақ бұл ауруды жұқтырған адамдардың, соның ішінде ауруханаға жатқызу үшін қауіп факторлары бар адамдардың көп болуына байланысты болуы мүмкін», - деп жазды министр.

Бұған дейін коронавируспен ауырған адамдар да оны қайта жұқтыруы мүмкін. Ол коронавирустың өзге штамдарынан бөлектеу, бірақ сынама тест арқылы жаңа штамды жұқтырған адамды анықтауға болады. Қазір омикронды емдеуге арналған үш түрлі дәрі белгілі. Қалған медициналық препараттардың әсері зерттеліп жатыр.