×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Бас прокуратура ескерту жасады

01.10.2024, 19:10
Бас прокуратура ескерту жасады
ашық дереккөз

Қазақстанда қаскүнемдер қылмыстық мақсатта пайдаланатын «дропперлердің» қатысуымен жасалатын алаяқтық қарқын алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЛАЯҚТЫҚТЫ ЖАСЫРУ

Бас прокуратураның мәліметінше, көбінесе бұл адамдар өздерінің іс-әрекеттерінің қылмысқа қатысты екенін айтпастан, оңай ақша табуға уәде береді.

Негізгі схемаларға «дропперлер» заңсыз жолмен алынған ақшаны алаяқтарға, соның ішінде өз шоттары арқылы алатын және аударатын, банк карталарын немесе қаржылық жүйе шоттарын жіберетін қаржылық операциялар жатады, осылайша нағыз қылмыскерлердің іздері жасырылады. Мұндай фактілердің жолын кесу үшін Бас прокуратура мен Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 953-бабының тәртібінде «дропперлерден» негізсіз баюға байланысты алынған ақша қаражатын өндіріп алу механизмін әзірледі – делінген ақпаратта.

Бүгінгі таңда тек Павлодар облысында осындай 83 сот шешімі өтіп, «дропперлерден» 110 миллион теңгеден астам ақша өндірілді. 

СЫБАЙЛАСТАР

Бұл ретте, егер «дропперлердің» алаяқтыққа тікелей қатысы бар екені анықталса, олар сыбайлас ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылады. 

Сонымен қатар үшінші тұлғаларға банктік шоттарды, электрондық төлем құралдарын басқаруға, материалдық сыйақы үшін аутентификация деректерін интернет-банкингке, электрондық әмиянға беруге рұқсат бергені үшін «дропперлерді» әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелері қарастырылуда. 

Осындай схемаларға араласпау үшін «жеңіл» жұмыс ұсынылған жағдайда абай болу, жеке банк деректерін жібермеу және күдікті ұсыныстар туралы құқық қорғау органдарына хабарлау керек.

Бас прокуратура мұндай схемаларға қатысу қылмыстық жауаптылыққа және қаржылық санкцияларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

ДРОППЕР ДЕГЕН КІМ

Дроппер немесе дроп – бұл алаяқтар ұрлаған ақшаны өзінің банк картасы арқылы өткізетін адам. Кейде карточкасын үшінші тұлғалар пайдаланғанын білмеген адам алаяқтық объектісіне айналуы мүмкін. Осылайша, дроп өзінің қылмыстық схемаға тартылғанын әрдайым түсіне бермейді, өйткені алаяқтар әдетте өз әрекеттерін "заңды бизнес" ретінде жасырады.

Дропперді әртүрлі шоттар арасында заңсыз алынған ақшаны аудару үшін жалдайды. Бұл қылмыскерлерге іздерін жасыруға және тергеу жұмысын қиындатуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда алаяқтық аударымдар әртүрлі елдерде және әртүрлі адамдардың атынан жасалуы мүмкін. Дроппер өз жұмысы үшін банк картасы арқылы аударылған ақшаның пайызын ала алады.

Онлайн-алаяқтықты тергеу кезінде тергеушілер бірінші кезекте дропперлерге шығады. Әдетте, олар қылмыскерлердің сыбайлас қатысушыларына айналады және ҚР Қылмыстық кодексінің "Алаяқтық" 190-бабына сәйкес бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дроп – бұл сленг, ағылшын тіліндегі drop – тастау, лақтыру етістігінен шыққан.