×
492.65
525.71
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
492.65
525.71
5.03

Бұл шешім бола ма? Алимент төлемегендер құмар ойындарын ойнай алмайды

04.10.2024, 16:19
Бұл шешім бола ма? Алимент төлемегендер құмар ойындарын ойнай алмайды
Ulysmedia

Елорда прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің құмар ойындарына қатысуын анықтап, олардың қатысуын шектеуге бағытталған жаңа тәсілді енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАДАҒАЛАУ

Талдау нәтижесінде 150 борышкер өз балаларына 350 млн теңге қарыз бола отырып, құмар ойындарға қатысқаны анықталды. Биыл алимент қарызы 2,5 млн теңге болған борышкерлердің бірі букмекерлік кеңсе арқылы 80 млн теңге жеке айналыммен құмар ойындарға қатысқан – делінген ақпаратта.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жеке сот орындаушылары 150 борышкерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салды.

ШЕКТЕУ

Бұл шектеудің жаңа түрі борышкерлердің ақшаны орынсыз жұмсауын болдырмайды.

2024 жылғы 9 қыркүйекте күшіне енген Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес, елорда прокуратурасы ойын бизнесінің ұйымдастырушыларына борышкерлерді құмар ойындарға қатыстырмауға шақырады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 444-бабына сәйкес, аталған заңнамалық талаптарды сақтамаған жағдайда айыппұл салу, ал қайталанған бұзушылықтар үшін – лицензияның күшін тоқтату түрінде жаза қарастырылғанын еске саламыз, – дейді прокуратура өкілдері.