×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда 12-қабаттан секіріп кеткен қыздың хаты табылды

03.12.2021, 18:24
Алматыда 12-қабаттан секіріп кеткен қыздың хаты табылды
Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы тұрғын үйдің 12-қабатынан секіріп, көз жұмған 17 жасар қыздың соңғы хаты делінген жазба табылды. Жазба WhatsApp мессенджері арқылы таралуда, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Марқұм қыздың соңғы хаты сіңілісіне арналған. Ол әлсіздігі үшін кешірім сұраған.

«Сәлем ..., сен менің жақсы көретін әпкемсің. Сен ең жақсы адамсың! Сені өте қатты жақсы көрем, күнім менің! Әлсіздігім үшін кешірім сұраймын!Мен университетке грантқа түсе алмаймын. Бұған күшім жетпейді. Мектепке баруға күшім жетпейді.

Ата-анам маған ақша жұмсағандары үшін ұяламын. Бұл ауыртпалықты көтере алмаймын.

Мен сенің жанкүйеріңмін. Қара көздерің, дауысың, құшағың үшін рахмет! Мені жақсы көргенің үшін рахмет! Сені сондай жақсы көрем!», - деп жазылған хатта.

Бұл соңғы хаттың шынымен де 17 жасар қыздың жазғандығын оған жақын жандардың бірі растады. Ол сондай-ақ, артында үш сіңлісі қалғандығын айтты.