×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әкесі зорлаған қызды бейімдеу орталығы күшпен ұстап отыр

06.12.2021, 14:18
Әкесі зорлаған қызды бейімдеу орталығы күшпен ұстап отыр
Фото: Ашық дереккөзден

Туған әкесі зорлаған 15 жасар қыз 61 күннен бері Алматы облысындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл жайында «НеМолчи.Kz» қоғамдық ұйымы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Қазақстан бала құқығын бұзып жатыр. 28 қыркүйектен бері қызымыз Алматыдағы бейімдеу орталығында жатыр. Шешесі еріктілермен сөйлесуге тыйым салды, баланың бірнеше рет жүйкесі сыр берді. Оқшауланғалы бері онымен байланыс болмай, колледжде мәселелер туды әрі оқу чаттарында да жоқ. Оған шарт қойылды. Анаңа қайтасың, я болмаса 18 жасқа толғанша осында изоляцияда жатасың. Бұл елде балалар өздерін зорлаған ата-анасымен бірге тұруға келіспесе қамауға алынады және оны оңалту деп атайды. Адвокаттар Керимова мен Жигаленок қызды емес, шешесін қорғайды», деп хабарлады ұйым еріктісі Дина Смаилова.

Оның айтуынша, қыздың әкесі ұсталған.