×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Нұр-Сұлтанда үш жасөспірім банк «тонамақ» болды

07.12.2021, 00:52
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіге ролик түсіру мақсатында қоғамдық тәртіпті бұзған кәмелетке толмағандар ұсталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, елордадағы банктердің бірінің менеджерінен «102» арнасына белгісіз адамдардың ғимаратта жүргені және клиенттерге қоқан-лоқы жасағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері фактіні растаған жоқ. Тексеру барысында 14-15 жастағы үш жасөспірімнің Достық көшесі бойындағы банк ғимаратына қаржы институтын өтірік тонау видеосын түсіру үшін кіргені анықталды. Олар ойыншық тапанша қолданып, видео түсірім жасап, одан кейін бой тасалаған.

Полиция қызметкерлері аталған үш жасөспірімді анықтап, олардың заңды өкілдерін ішкі істер органына шақырған. Мәлім болғанындай, балалар ролик түсірумен айналысатын киноакадемияда тәлім алады. Сабақ барысында оларға тонау сәті бейнеленген ролик түсіру тапсырмасы берілген. Сценарий бойынша қыз бала банк ғимаратына кіргеннен кейін ойыншық тапаншаны серіктесіне кезенген кезде үшіншісі орын алған сәтті камераға түсіріп алған. Осы уақытта банк ғимаратында өзге де келушілер болған.

«Аталған факті бойынша киноакадемия басшылығына қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 128 бабымен әкімшілік іс қозғалды. Кәмелетке жасы толмағандардың қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін олардың заңды өкілдері жауапқа тартылды. Ата-аналарының үстінен ҚР ӘҚБтК-тің 435-бабымен әкімшілік іс қозғалып отыр. Жиналған материал процессуалдық шешім қабылдану үшін Нұр-Сұлтан қалалық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді», - делінген хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары