×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

ҚБТУ өз студентінің өліміне көңіл айтты

09.12.2021, 14:00
Көз жұмған ҚБТУ студенті

Қазақ-британ техникалық университеті өз студентінің қазасына байланысты көңіл айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осыған қарағанда, мұндай қайғылы жағдайды оқу орны әлеуметтік желіден бір-ақ білсе керек. Сонымен қатар, жалпы университеттің сайты бір тілде жұмыс істеп, көңіл айту мәтіні орыс тілінде берілген.

«Біз студентіміз Сергей Лидің қайғылы қазасын терең өкіне отырып білдік. Жақындарына, отбасысы мен достарына шын жүректен көңіл айтамыз», – деген ҚБТУ өкілдері Сергейдің өте жарқын адам болғанын келтіреді.

Осы орайда университет өз тарапынан марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетпек.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, ғаламторда Алматыдағы тиісті жоғары оқу орнының IT-факультетінің бірінші курсында оқитын бозбаланың күрделі сабақтарды еңсере алмай, нашар үлгерімі үшін өзіне қол салғаны жазылды. 

Серіктес жаңалықтары