×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда халық саны қаншаға жетті

Қазақстанда халық саны қаншаға жетті
Коллаж Ulysmedia

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

9 АЙДА 278,7 МЫҢ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Бюро мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 20 223 218 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам. Тоғыз айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамды құрады.

2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамды құрады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӨШ БАСТАП ТҰР

Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға 25,04 адам), Маңғыстау облысында (24,84) және Шымкент қаласында (23,68) байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында (1000 тұрғынға 11,52), Шығыс Қазақстан облысында (11,32) және Қостанай облысында (10,12), бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.

Алғашқы жарты жылдың ішінде 95 ​​мың неке қиылып, 29,3 мың ажырасу тіркелген.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте елге келгендер саны 20 383 адамды, елден кеткендер саны 10 201 адамды құрады. Көші-қон айырымы – 10 182 адам.

ЕЛДЕН КЕТКЕНДЕР САНЫ ҚАНША

2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 6,5%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 19,9%-ға азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 79,7%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 76,9% құрады.

Ел ішіндегі көші-қон 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 47,4% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Астана (52853 адам), Алматы (26157 адам), Шымкент (5948 адам) қалаларында және Алматы обласында (765 адам) халық көші-қонының оң айырымы қалыптасты.

Бұған дейін сайтымызда Қазақстанда халық саны 20 млн емес, 30-40 млн деген әңгіменің негізі бар ма деген тақырыпта сұхбат жарияланған еді.