×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

130 көне карта: Қазақ елін әлемде әр ғасырда қалай атаған

10.12.2021, 13:00
Фото: ҚР СІМ

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Брюссельде белгілі қазақстандық ғалым, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты бірегей кітабының тұсаукесері өтті деп деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кітап М.Сыдықназаровтың әлемдік коллекциялардағы (еуропалық, америкалық, Шығыс) көпжылдық бастамашыл зерттеулері мен еңбектерінің нәтижесі болып табылады. Кітапта 130 карта хронологиялық тәртіппен автордың сипаттама-дескрипторлары, түсініктемелері келтірілген, толық шығу деректері мен техникалық параметрлері ұсынылған, сипатталған, келтірілген.

Аталған еңбекте халықаралық ғылыми, мәдени-ақпараттық кеңістікке еуропалық және американдық карталарда тіркелген Қазақ мемлекеті туралы жаңа ғылыми деректер жинағы ұсынылуда.

Казақстандық ғалымның ғылыми-техникалық параметрлер бойынша карталарды, олардың толық, жан-жақты деректерін беру мен сипаттаудағы мұқияттылығы назар аудартады. Ол сенімді карталар мен дереккөздерді іздеуде Принстон, Стэнфорд, АҚШ Конгресінің кітапханасы және тағы басқа танымал әлемдік ғылыми және университет орталықтарымен үлкен және жемісті жұмыс жүргізген.

Брюссельде тарих ғылымы үшін маңызды кітапты басып шығару символдық мәнге ие, өйткені бельгиялық және нидерландтық ғалым-картографтар қазақ мемлекетін өз карталарында көрсеткен алғашқы еуропалықтардың қатарында болды.

Оның XVI-XIX ғасырлар аралығында Қазақ мемлекеті көрсетілген, еуропалық-бельгиялық, нидерландтық, ағылшын, француз, неміс, ирландық, австриялық, итальяндық, шотландтық, ал кейінірек американдық ғалымдар, географтар, картографтар қалыптастырған бірегей ежелгі карталары бар жарияланымы Қазақстанның халықаралық ғылыми қоғамдастықпен қарым-қатынасындағы және біздің еліміздің мемлекеттілігінің орныққан дәстүрлерін түсіну үшін маңызды оқиға болып табылады.

XV-XIX ғасырлардағы көптеген еуропалық карталарда объектілердің орналасуы, сол кездегі географиялық, картографиялық ғылымның дамуына байланысты әрдайым егжей-тегжейлі дәл бола бермейді және дәл ғарыштық суреттермен расталған әлем туралы қазіргі заманғы картографиялық түсінігімізге сәйкес келмейді. Алайда, жинақта ұсынылған карталар жалпы Қазақ мемлекетінің орналасқан жері мен шекарасы біздің түсініктеріміз бен тарихи-мәдени деректерімізге сай келетінін көрсетеді.

Шарада сөйлеген сөзінде қазақстандық ғалым: «Қазақтардың автоэтнонимі дыбысының түпнұсқасына, әлемдік, оның ішінде Еуропалық картографтар, саяхатшылар, орта ғасыр, жаңа уақыт дипломаттары өздері әзірлеген карталарда өздерінің ұлттық тілдерінде: кітап, ғылыми латын және тірі тілдерде: нидерланд, ағылшын, француз, итальян, испан, фриз, португал, неміс, испан және басқа тілдерде тіркелген және транскрипцияланған ғылыми, тарихи-саяси фиксацияның белгілі бірлігі мен жақындығына қарамастан, кеңдігі мен сан алуандығы таң қалдырады», – деп атап көрсетті.

Оның айтуынша, географ-ғалымдардың, картографтардың, саяхатшылардың, көпестердің, дипломаттардың карталарында қазақ мемлекетінің саяси атаулары, кратонимдері әр түрлі, сондықтан олар көбінесе фонетикаға, орфография нормаларына және тілдің орфоэпиясына тәуелді болған. Бірақ олардың барлығын бір нәрсе біріктіреді: Еуразияның ауқымды аумақтарындағы ауқымды этномемлекеттік, этномәдени, әскери-саяси процестерге қарамастан, Қазақ мемлекетінің атаулары уақыт пен кеңістікте тұрақты.

М.Сыдықназаров көптеген карталарда Қазақ мемлекеті екі рет белгіленген, бұл картографияның еуропалық дәстүріне, қарастырылып отырған кезеңнің топонимиясына, өздеріне белгілі тілдерде қандай да бір мемлекеттің барлық қолда бар кратонимдерін, политонимдерін және этнонимдерін, олардың орфоэпиялық нормаларын (айтылу нормаларын) беруге жауап береді. Өйткені, карталарды еуропалық ғалымдар, географтар, картографтар, баспагерлер, ең алдымен еуропалық оқырмандар, саяхатшылар, әртүрлі ұлттық тілдерде оқитын зерттеушілер үшін шығарды дегенді айтады.

Еңбек авторы жиналғандардың назарын Нидерланд, Бельгия, Англия, Франция, Италия, Германия, Австрия және АҚШ-тың озық картографиялық баспаларында Қазақ мемлекеті тарихтың қаралып отырған кезеңінде саяси және өзге де атластарда тұрақты түрде қатысып отырғанына аударды.

Өз сөзінің соңында М.Сыдықназаров Еуропалық зерттеушілердің, картографтардың, саяхатшылардың, ал кейінірек американдықтардың бірлігі, XVI-XIX ғасырлардағы өз атластарында қазақ мемлекетінің белгіленуі мен жазуында қазақ мемлекетінің кратонимі мемлекеттің атауы 1465 жылы Қазақ хандығы құрылған сәттен бастап, таза автоэтнонимнен ауыса отырып, институционалдық бекітілген әлем картасында танымал болып, ең бастысы – бір мезгілде саяси, топоним және кратоним ретінде танылатын жағдайды бейнелейтінін нұсқады.

Серіктес жаңалықтары