×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

"Жанболат мені аңдып жүріпті". Жазира Байырбекова жарымен қалай жұп жарастырғанын айтып берді

Бүгін, 15:09
"Жанболат мені аңдып жүріпті". Жазира Байырбекова жарымен қалай жұп жарастырғанын айтып берді
Видеодан скриншот

Жанболат пен Жазира жұлдызды отбасын көпшілік қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптардың бірі ретінде біледі. Жолдасымен де, жеке де ән шырқайтын Жазира Байырбекова өмірлік серігімен қалай танысып, қалай жарасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әнші студенттік шағында өзінен екі-үш жас үлкен қыздармен бір бөлмеде тұрғанын, сол қыздарға жігіттер келіп шәй ішіп отырғанда Жанболат бірнеше рет өзін алып кетіп жүргенін айтты.

“Саған жігіттер бар жерде отыруға болмайды, сен әлі кішкентай қызсың. Одан да жүр таза ауа жұт” деп менні далаға алып шықты. Екі рет солай істеді. “Оқу деген мынандай болады, үлкен қыздардың қасында көп тұруға болмайды, олармен бірге жігітпен қыдыруға болмайды” деп маған ақылын айтып жүрді. Содан қайта-қайта кездесіп қала береміз. Сабақтан қайтқанда, автобуста жолығып қаламыз. Автобуста мені иығымен қағып жебереді, қарап “сен де осындасың ба” десем, маған “сен де осындасың ба” деп жауап беретін. Сөйтсем, өтірік істейді екен, мені аңдып жүреді екен ғой” деді әнші “Мамский әңгіме” подкастында.

Айтуынша, болашақ жары онымен әркез кездейсоқ кездесіп қалған сияқты болып, сырттай бақылап, аңдып жүріпті.

“Оның бәрін кейін түсіндім ғой, жоспар екенін. Қамқор болып жүріп, өзіне қалай бауыр бастырып алғанын байқамай қалдым. Сен менің қызым бол, мен сенің жігітің болайын деген болған жоқ” дейді ол.

16 жасында студент атанған бойжеткен араға екі жыл салып 18 жасында бүгінгі жары Жанболатқа тұрмысқа шыққан. Бұгінде өнерлі отбасы бір ұл, бір қыз өсіріп отыр.