Нұр-Сұлтан қаласындағы ескі вокзалда пойыз жолсерігі тоққа түсіп мерт болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес (Еңбекті қорғау ережесінің сақмалмауынан, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - делінген ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптары бойынша тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.