×
524.02
545.19
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.02
545.19
5.09

Дін жағынан да қате кетіп қалды – әкім Қилыбаев әкімдік алдында өз-өзін өртеген азамат жайлы

Бүгін, 12:56
Дін жағынан да қате кетіп қалды – әкім Қилыбаев әкімдік алдында өз-өзін өртеген азамат жайлы
Ulysmedia коллажы

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаев Ақтауда облыс әкімдігі алдында өзін-өзі өртеп жіберген ер адамға байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚИЛЫБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Әуелі Нұрдәулет Қилыбаев қаза болған азаматтың отбасына көңіл айтты. Ол азамат өзін-өзі өртемес бұрын әкімдіктің ішінде халықты қабылдағанын жеткізді. Сол күні әкім ең соңғы тұрғынға дейін қабылдағанын айтады. 

– Мен енді бұл сұрақты ешкімге қоя алмаймын, себебі кететін азамат өмірден озып кетті. Бірақ іштей өз-өзіне қоятын сұрағым – мен де адам баласымын, ішім удай ашиды. Бір тепсе темір үзетін жігіттен, ағайындары бауырынан айырылып қалды. Ол азаматтың артында алты баласы қалды. Бұйырса келін жетінші балаға да аяғы ауыр екен. Неге маған сол кезде келмеді екен? Мен бәрін күттім ғой деген менде де бар. Сол кезде келсе сөйлесіп қалатын едік қой, – дейді ол.

Нұрдәулет Қилыбаевтың айтуынша, ол азаматты аппарат басшысы, облыс әкімінің және аудан әкімінің орынбасары қабылдаған. 

– Мәселе былай: орынбасарымның сөзін менің де айтып тұрған сөзім деп қабылдау керек, өйткені бәріміз бір ережеге, заңға сүйеніп сөйлейміз. Бәріміздің қолымызда сол бір вакансиялар тізімі. Әкімдердің қолында бөлек вакансия тұрмайды. Меніңше, дін жағынан келсеңіздер де қате кетіп қалды. Ол да тыйым салынған дүние. Екіншіден, кімге жаман болды? Шырылдап артында бала-шағасы қалды. Ағайындары қалды. Біз өз тарапымыздың әкімдік бар, жергілікті бизнесмен бар, бей-жай қарап отырған жоқпыз. Отбасына көмектесіп жатырмыз. Бизнесмендер мойнына сондай жүктеме алды. Бірақ дей тұрғанымен, қанша жерден көмектессең де арыстандай азамат өмірден озып кетті. Оны қайтара алмайсың, – дейі ол.

Нұрдәулет Қилыбаев сол күні кеңседе болған. Әкім өзінің адам қабылдайтын күндері барын айтып, бүгінгі таңда ол тізімде мыңнан астам адам тұрғанын атап өтті. 

– Егер облыс әкімі келген адамдардың бәрін қабылдай берсе, онда тек таңертеңнен кешке дейін адам қабылдаумен отыра беру керек. Басқа шаруаның бәрін ысырып тастау керек. Көп адам “бір немесе екі ай күттім” деп ренжіп жатады. Өкінішке қарай біздің де уақытымыз шектеулі. Сондықтан, біз өз кестемізге сай адамдарды қабылдаймыз. Аудан-қалалардың бәрін аралап шықтық. Келем деген азаматтардың бәріне есік ашық. Ешкімге тыйым салып, бөлген жоқпыз. Егер сол кезде келгенде мәселе басқаша болар ма еді, – дейді ол.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Еске сала кетейік, 5 желтоқсан күні Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген еді. Облыстық ішкі саясат басқармасының ақпаратына сәйкес, ер адам өңір басшысымен кездесе алмаған.

Сондай-ақ бұған дейін оның Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылғанын, жағдайы ауыр екенін жазған едік. Ер адам ауруханада қайтыс болған.