×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Нұртас Адамбай бақытты Ислам дінінен тапқанын жазды

Фото: Нұртас Адамбайдың жеке парақшасынан

Белгілі актер, режиссер және продюсер Нұртас Адамбай кейінгі кезде өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында Ислам діні тақырыбында жиі ой қозғап жүр. Ол осылайша бақытын мұсылмандықтан тапқанын жазды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін түрлі кинотуындылар түсіріп, өзі көпшілікке «Келинка Сабинка» атымен танымал әйел рөлінде ойнаған Нұртас Адамбай жазбаларының бірінде өмір, оның мәні жайлы көп ойланып, тіпті күйзеліске түскенін жасырмады. Содан Ислам дініне тереңірек бойлай келе, еңсесін көтеріп, санасына мейірім сәулесі түскен. 40 жастың қырқасында алған ең үлкен сыйлығы сенімі деп санайды актер.

«Алла Тағаланың қалауымен Ислам тақырыбы маған ең тартымды және тіршілігімде аса қажетті болып тұр. Маған бұрын бұлай ешқашан бірдеңені зерделеп, талқылау қызық болмап еді. Пікір алаңында біреу мені «фанатик» депті. Басында оған ренжігім келді де, одан кейін расында Исламға құштар екенімді түсіндім», – деп ойын жеткізген өнер иесі мұсылмандық арқылы шын даналықпен қауышқанын, өзі мен айналасы өзгергенін айтты.

Жазбасының соңында, автор, баршаға жақсылық пен бейбітшілік тіледі.

Серіктес жаңалықтары