Қазақстандық файтер YouTube желісіндегі «Разрешите вас перебить» YouТube арнасына берген сұхбатында отбасылық өмірі туралы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов екі әйелімен қалай тұратыны туралы айтты.
«Әйелің, отбасың болуына үйреніп кетесің, онсыз қиын. Менің екі әйелім, алты балам бар. Екі әйелмен жүру қаншалықты қиын? Негізінде бұл қалыпты жағдай, мен үйреніп қалдым. Басында сынақтар болды, бірақ қазір бәрі жақсы», - дейді ол.
Ол жекпе-жектен кейін қай әйеліне баратынын да айтып берді.
«Мен, мысалы, екінші әйелімнен кетсем біріншісіне барамын. Бірінші әйелімнен екіншісіне барамын. Бір күн анда, бір күн мындамын», – деді Жұмағұлов YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, өткен демалыс күндері Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде Жалғас Жұмағұлов пен анголалық боксшы Манел Кап кездескен болатын. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Қазақстандық файтер техникалық нокаутпен жеңілді.