×
518.31
567.96
6.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.31
567.96
6.03

Әйгілі Қожаның рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаевтің ем-домына жылу жиналып жатыр

Әйгілі Қожаның рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаевтің ем-домына жылу жиналып жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Әйгілі Қожаның рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаевтің ем-домына жылу жиналып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ

Бұл туралы журналист Жанар Қанафина жазды. Жанар актер ауыр дертпен күресіп жатқанын хабарлағаннан кейін көптеген адам Сегізбаевқа қаржылай қалай көмектесуге болатынын сұрай бастаған. 

- Әйелі де жақында операция жасаған екен, ұлдары аутизммен күресіп жүр. Жылу жинаймын дейтіндерге Нұрлан ағаның Kaspi нөмірін қалдырамын: 8 705 416 57 51 КАСПИ НУРЛАН С. Нұрлан ағаға хабарласып, мазасын алмауларыңызды сұраймын, дейді Жанар Қанафина. 

Сонымен қатар, журналист Нұрлан Сегізбаевтың күн сайынғы еміне қанша кететінін айтты. 

- Квотамен емлделеді. Оны ұлттық госпиталь төлейді. Ал оңалту ем-домдары әдетті ақылы. Арзан емес. Облыстық әкімдік маған жарты миллион бөлді, қуанып кеттік” деген екен актер журналиске берген сұхбатында. Дәрігерлер оңалту үшін қажет дәрілердің тізімін әйеліне берген. Ол бірден дәріханаға жүгіріп барып еді, италиялық антибиотиктік бір ампуласының өзі 58 мың теңге тұрады екен. Қазір “Красный снег” деген кітап сатылып жатыр. Соны сатып алып та көмектесуге болады, дейді журналист. 

АУЫР ДЕРТ

Еске салайық, бұған дейін әйгілі "Менің атым Қожа" фильмінде басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертпен күресіп жатқанын хабарлаған едік. Дәрігерлер оған ХОБЛ (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы) ауруының 4-дәрежесі диагнозын қойған және жарты жыл ғана уақыт беріп отыр. 

Қазір 75 жастағы Нұрлан Санжарұлына қаржылай көмек ауадай қажет. Бұл қаражат ем-дом мен өмірінің соңғы істерін аяқтау үшін керек. Журналист әзірге ақшаны қайда аудару керегін білмейтінін жеткізді. 

Жанар Қанафинаның сөзінше, бұған дейін актер ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, алайда қазіргі денсаулығына байланысты жұмыс істеуге қауқарсыз. Ол тәулігіне 14 сағат тыныс алу аппаратында отыруы керек.