×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

Семейде белгісіз біреулер итті ағашқа асып кеткен: жануар өліп қалды

Семейде белгісіз біреулер итті ағашқа асып кеткен: жануар өліп қалды
Видео кадры

Семейде итке аяусыз зәбір көрсеткендерге іздеу жарияланды. Беймәлім біреулер итті ағашқа байлап, оны азаптап өлтірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

КТК мәліметінше, оқиға орнында болғандардың айтуынша, итті шынжырмен ағашқа іліп қойып, оның өлімін бақылап тұрған. Жануардың өлі денесін көшеден өтіп бара жатқан тұрғындар тауып алған.

Қайғылы жағдай өндірістік базалар орналасқан, тұрғын үйлерге жақын көшелердің біріндегі қалың шөп арасында болған. Ит ағашқа байланған күйде табылған. Куәгерлер иттің өзін құтқара алмай, көп қиналғанын айтады. Егер ертерек табылғанда, оны аман алып қалуға мүмкіндік болар еді деп өкінеді.

Иттің тірі қалуға тырысқаны байқалады – ол тіпті ағаштың қабығын тырнап тастаған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп жетті. Қазір куәгерлерден жауап алынып, оқиғаға қатысы бар адамдар іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ маңайдағы бейнебақылау камералары да тексерілуде.

– Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 2-бөлігі бойынша (Жануарларға қатыгездік көрсету, олардың өліміне әкеп соғу) Затон полиция бөлімінде тіркелді. Құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел шаралар жүргізілуде, – деді Абай облысы ПД анықтау басқармасының бастығы Талғат Еліков.

Серіктес жаңалықтары