×
512.32
582.92
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.32
582.92
6.29

КСРО-дан қалған ғарыш аппараты Жерге қарай ұшып келеді: қайда құлауы мүмкін

КСРО-дан қалған ғарыш аппараты Жерге қарай ұшып келеді: қайда құлауы мүмкін
Көрнекі сурет: inspaceforum.ru

1972 жылы Байқоңырдан Венераны зерттеу мақсатында ұшырылған кеңестік "Космос-482" ғарыш аппараты қазіргі уақытта Жерге қарай бағыт алып барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

"Ақылды" аппарат бастапқыда сәтті ұшырылғанымен, көп ұзамай жұмысын тоқтатқан. Содан бері ол Жер маңындағы орбитада айналып жүрген. Бұл туралы Naked Science басылымы жазды.

500 КЕЛІЛІК СТАНЦИЯ

Ғалымдардың болжамы бойынша, "Космос-482" аппараты 8 бен 11 мамыр аралығында бақылаусыз түрде Жерге қонуы мүмкін. Аппараттың салмағы шамамен 500 келі. Зерттеушілердің айтуынша, ол суға – мұхитқа құлауы ықтимал, бірақ нақты қайда түсетіні туралы пікірлер әртүрлі.

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАР

Нидерландтық ғалым Марко Лангбруктың айтуынша, аппарат секундына 7,5 шақырым (немесе сағатына 27 000 км) жылдамдықпен Жерге қарай құлдилап барады, деп жазады The Sun.

Қауіп аймағына – яғни, аппарат құлауы мүмкін орындар қатарына Лондон, сондай-ақ Еуропаның бір бөлігі, Аустралия және Оңтүстік Африка Республикасы кіріп отыр. Дегенмен, ғалымдардың басым бөлігі аппарат мұхитқа түседі деп болжайды.

Серіктес жаңалықтары