×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Онлайн оқу: Қазақстанда 58 мектепте интернет мүлдем жоқ

Онлайн оқу: Қазақстанда 58 мектепте интернет мүлдем жоқ
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Елдегі жағдайларға байланысты қашықтан оқу мәселесі өзектілігін жоймай отыр. Осы орайда ғаламтор сапасы сын көтермейтін ауыл мектептерінің оқушылары бірыңғай білім беру онлайн платформасына қол жеткізе алмай, амалдары құруда деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы мәжілісмен Жұлдыз Сүлейменова білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жолдаған депутаттық сауалында айтты.

«Министрлік мәліметінше, бірыңғай білім беру онлайн платформасын енгізу үшін қазіргі кезде 5 негізгі ақпараттық-білім беру жүйесі қамтылған. Олар: Күнделік, Онлайн-мектеп, Мектеп-еду, Білім ал, Дарын», – деген депутат бірыңғай платформаны 8 мыңға жуық мектепке, 3 миллионнан астам оқушыға және 300 мың мұғалімге тарату көзделіп отырғанын келтірді.

Алайда бұл платформа сапалы ғаламторы жоқ ауыл мектептеріне қолжетімсіз күйде қалуда.

«Бүгінгі таңда 7550 мектептің 58-інде мүлдем интернет қосылмаған. 192 мектепте интернет жылдамдығының төмендігі сонша, қарапайым сайтты іске қосып, интерактивті сервисті жүктеу мүмкін емес. Бұдан бөлек атап өтетін басты мәселе, ауыл және қала мектептеріне қатысты министрлік әртүрлі интернет параметрлерін белгілеген. Назар аударғымыз келетіні, ауыл мектептерінде қалаға қарағанда жылдамдық әлдеқайда төмен», – деді депутат.

Осы орайда, сауал жолдаушы, білім беру ортасында цифрлық теңсіздікке жол бермес үшін ауыл және шағын жинақты мектептерде интернет сапасына қойылатын талаптарды қайта қарауды сұрады.