Қазақстандықтардың бір бөлігі елден көшуді қалайды. United Research Technologies Group (URTG) компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесіне қарағанда, олардың көпшілігі көшу үшін Ресейді таңдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАНША АДАМ КӨШКІСІ КЕЛЕДІ
Жалпы алғанда, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 20 пайызы көшуге ниетті екенін білдірген. Олардың ішінде 26,7 пайызы шетелге көшуді қарастырып отыр. Ал респонденттердің басым бөлігі қазіргі тұрып жатқан жерін өзгертуді жоспарламайды.
ҚАЙ ЕЛДЕРГЕ КӨШУДІ ТАҢДАҒАН
Қазақстаннан кеткісі келетіндердің 29 пайызы Ресейге көшуге ниетті. 12 пайызы – АҚШ-ты, 10,3 пайызы – Түркияны таңдаған.
Ал алдағы екі жылда көшуге бейілді адамдардың арасында көбінесе студенттер кездеседі: жұмыс істейтін студенттердің 21 пайызы "міндетті түрде көшемін" десе, жұмыссыз студенттердің 23,5 пайызы "мүмкін көшер едім" деп жауап берген. Сондай-ақ, 20,9 пайызы көшу ниетін кәсіпкерлер білдірген.
ЕЛ ІШІНДЕГІ КӨШУ БАҒЫТТАРЫ
Шетелге емес, ел ішінде көшуге ниеттілердің арасында таңдау көп түскен қалалар – Алматы (21,1%) мен Астана (23,7%).
КЕТКІСІ КЕЛМЕЙТІНДЕР ДЕ БАР
Респонденттердің 43,7 пайызы көшпеу себептері ретінде отбасы, достар және әлеуметтік байланыстарды атаған. Бұдан бөлек, көшуге кедергі болатын бес негізгі себепке мыналар кірген:
URTG сауалнамасына елдің түрлі өңірлерінен 1600-ден астам адам қатысқан.