Интернетте украиналық блогер мен ресейлік қазақ қызы арасындағы чат-рулеткадағы видео жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Блогер Андрей Попик Самара қаласынан шыққан ресейлік этникалық қазақ әйелмен болған әңгімесін жариялады. Ол 20 минут бойы сұхбаттасына қазақ халқының өз мемлекеті мен жазуы болғанын, қазақ хандығы бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген, қалалары мен дамыған мәдениеті болғанын дәлелдеуге тырысты.
Бірақ мұғалім болып жұмыс істейтін әйел райынан қайтпады.
– Қазақтардың өз мемлекеті болмаған, себебі біз – көшпенді халықпыз. Басқа дүниені айтпағанда, жазу-сызуы да болмаған! Егер ол Қазақ хандығы болған болса, онда орыстар қайда жүрген? Орыстар жаулап алушы ретінде келді дейсіз бе? Ондай болса да, жарайды. Орыстар мықты халық – осынша уақыт ішінде үлкен мемлекет, қуатты ел құрды. Мен Ресей жерінде тұрамын, осында дүниеге келдім – бұл менің отаным, – дейді әйел.