×
512.1
583.64
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.1
583.64
6.5

"Бұл жағынан Канада Қазақстаннан қалып қояды": турист екі елді салыстырды

02.06.2025, 18:35
"Бұл жағынан Канада Қазақстаннан қалып қояды": турист екі елді салыстырды
Видео кадры

Канадалық турист Қазақстанды толық дамыған ел ретінде көретінін күтпегенін мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КҮТПЕГЕН ӘСЕР

Марк Қазақстанға Ванкуверден келген. Оның айтуынша, бұл сапарды ұйымдастыруға сүйіктісі – Оралда туған қазақстандық қыз себеп болған. Қалыңдығы өзінің туған өлкесін көрсеткісі келген. Бұған дейін Қазақстан туралы үшінші әлем елі ретінде естіген Марк елдің шынайы дамуына таңғалғанын жасырмайды.

– Қазақстан мені қатты таңғалдырды, бәрі мен күткендей болды, тіпті асып кетті. Маған: «Үшінші әлем елі» деген еді. Бірақ Қазақстан әлдеқайда дамыған екен. Тамақ өте дәмді болды! Екі күнде 4 келі қосып алдым! Үйлері ұнады – әртүрлі. Ал Канадада жаңа үйлердің бәрі бір-біріне ұқсас. Мұнда үй салу стилі, дизайны ерекше. Канадада ондай жоқ, – дейді Марк.

ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Турист Қазақстандағы көлік жүргізу мәдениетіне де назар аударған.

– Мұнда адамдар көлікті қалай болса солай айдайды. Қайда бұрылатынын болжау қиын. Сондай-ақ жеке кеңістік деген түсінік жоқ сияқты. Мысалы, кезекте тұрған кезде адамдар бірден жаныңа келіп тұра салады, – деп түйіндеді Марк.

Серіктес жаңалықтары