×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматы полициясы содырлардың жерленген жерін анықтады

20.01.2022, 11:37
Фото: ашық дереккөз

Құқық қорғау органдары Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан содырлардың қайда жерленгенін анықтады. Бұл туралы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов блогер Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Біз олардың жерлеу орындарын белгілеп жатырмыз. Негізінде, жерлеу орындарын анықтап қойдық», - деді Әбдірахманов.

Сондай-ақ, ол содырлардың мәйітханадан мәйіттерді неліктен алып кеткенін, тіпті ұрлап кеткенін түсіндірді.

«Бұл не үшін жасалды? Егер бізде адамның денесі болса, оның кім екенін анықтауға болады және осыған байланысты проблемалар туындауы мүмкін. Осыған байланысты олар барлық мәйіттерді тиеп, алып кеткен», - деді Рустам Әбдірахманов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов содырлардың мәйітханаға 7 рет шабуыл жасап, 41 мәйітті алып кеткенін айтқан болатын. Оның айтуынша, олар полиция ғимараттарына 27 рет шабуыл жасаған.

Серіктес жаңалықтары