×
531.96
622.45
6.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
531.96
622.45
6.79

"Хутор" бандасының жетекшісі Қасымбаевқа қатысты іс прокуратураға түсті

Бүгін, 12:00
"Хутор" бандасының жетекшісі Қасымбаевқа қатысты іс прокуратураға түсті
Ulysmedia.kz коллажы

"Хутор" бандасының жетекшісі Қасымбаевқа қатысты іс прокуратураға түсті. Аталған қылмыстық іс Алматы облысының прокуратурасына түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы облысының прокуратурасы полиция департаменті «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі ретінде БАҚ-та аты аталған Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеуді аяқтағанын еске салды.

Қазіргі уақытта қадағалаушы орган үкімнің заңдылығын зерттеуге кірісті.

– 2025 жылғы 21 шілдеде айыптау актісімен бірге қылмыстық іс материалдары облыс прокуратурасына келіп түсті. Қылмыстық іс бойынша қабылданған іс жүргізу шешімінің заңдылығын зерделеу үшін. Қарау нәтижесі бойынша, Қылмыстық-процестік кодекстің 302-бабында белгіленген тәртіппен шешім қабылданатын болады, – делінген прокуратураның Ulysmedia.kz сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ ведомство бұл іске қатысты басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін айтты.

КОНТЕКСТ

Өткен жылы 16 жастағы Шерзат Полаттың қаза болуы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген болатын. Бірнеше айдан кейін жұмбақ жағдайда оның туысы медицина қызметкері Нұрқанат көз жұмды. Олардың үйінде өрт болған. Осы қайғылы оқиғаларға «Хуторские» ҰҚТ мүшелері айыпталып отыр. Топтың жетекшісі ретінде Хасан Қасымбаев аталады.

Серіктес жаңалықтары