×
541.93
636.71
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.93
636.71
6.83

Зейнеткерлерден жолақыны толық төлеуді талап ету заңды ма

24.07.2025, 18:31
Зейнеткерлерден жолақыны толық төлеуді талап ету заңды ма
фото: diapazon.kz / Надежда Девицына

Ақтөбелік тұрғын зейнеткерлерден жолақының толық төлемін талап ету туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақтөбе қаласының тұрғыны қоғамдық көлікте болған соңғы оқиға жайлы diapazon.kz порталына айтып берді. Оның сөзінше, автобус жүргізушісі анасы – зейнеткерден жолақының толық төлемін талап еткен.

– Анаммен бірге №15 автобусқа міндік. Анам – зейнеткер. Бұрын автобустарға қала әкімінің қаулысы ілінетін, онда жеке куәлік пен зейнеткер куәлігін көрсеткен жағдайда зейнеткерлерге жол жүру ақысы 50 пайызға төмен болатыны жазылатын. Ал бүгін жүргізуші жеңілдік жоқ екенін, жолақының толық құнын төлеу керегін айтты. Сонда Ақтөбеде жасы бойынша зейнеткерлерге қандай жеңілдіктер бар? – деп сауал тастады тұрғын.

ӘКІМДІК ЖАУАБЫ

Жергілікті билік өкілдері зейнеткерлер қолма-қол есеп айырысқан жағдайда жолақының толық құнын төлейтінін түсіндірді. Ал жеңілдікпен жүру үшін арнайы карта қажет.

– Қолма-қол төлем жасаған жағдайда зейнеткерлер жолақы ретінде 150 теңге төлейді. Жеңілдікпен – яғни тегін жүру үшін «Smart Avtobys Aqtobe» ЖШС-нен әлеуметтік карта алу қажет. Ол үшін зейнеткер куәлігі (немесе мүгедектік туралы анықтама) болуы керек. Картаны Жұбановтар көшесі, 255Б мекенжайынан алуға болады, – деп мәлімдеді қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Серіктес жаңалықтары