×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Қаңылтырды кәстрөл деп аударған кафе талқыға түсті

Бүгін, 08:27
Қаңылтырды кәстрөл деп аударған кафе талқыға түсті
Ашық дереккөзден

Қазақстандық Glovo қосымшасы арқылы «Донер на Абая» кафесінен тапсырыс беріп, қызық жайтқа тап болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Соңғы уақытта қазақстандық мекемелердің мәзірінде қазақ тілінің болмауына қатысты сын жиілеген. Алайда кейде мәзірге қазақ тіліне қатысты аудармалар да сұрақтар туындатады. Мәселен, Glovo қосымшасындағы «Донер на Абай» мәзірінде пайдаланушылар қаңылтырдағы коланың «кәстрөл» ретінде аударылғанын байқаған.

Кейбір пікір қалдырушылар мұндай жағдай автоматты аударма жасаған кезде болған шығар деп мысқылмен жазды.

Айта кетейік, әдетте мұндай қателіктер автоматты аударма жүйесінен немесе аударма сапасына жеткілікті көңіл бөлінбеуден туындайды.

Серіктес жаңалықтары