Синоптиктер Қазақстанда 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар жауады, екпінді жел соғады, батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қарлы боран күтіледі», - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында – көктайғақ күтеліде және түнде, таңертең кей жерлерде тұман түседі.
«27 қаңтарға қарай күндіз ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде: батыс облыстарда 0…-8°С, солтүстік және орталық облыстарда –7…-15°С дейін, республиканың шығысында – -7... 20°С дейін, ал өңтүстік өңірлерде 0…+10°C аралығында жылы болмақ», - делінген хабарламада.