×
538.57
629.48
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.57
629.48
6.71

АИ-92 жанармайы кемінде 30 теңгеге қымбаттайды - сарапшы

Бүгін, 15:24
АИ-92 жанармайы кемінде 30 теңгеге қымбаттайды - сарапшы
Ашық дереккөзден

Жыл соңына дейін жанармай едәуір қымбаттайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Мұнай өндіру саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтің пікірінше, жыл соңына дейін АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 20–30 теңгеге өседі, деп жазады LS. Сарапшы мұны бағаның көтерілуі емес, теңестірілуі деп түсіндіреді. Оның айтуынша, жанармайдың доллармен есептелетін өзіндік құны жоғары: мұнай өндіру, өңдеу, тасымалдау. Сондықтан ұлттық валютаның әлсіреуі жанармай бағасының қымбаттауына әкеледі.

— АИ-92-нің нақты бағасы – 60 цент (Ұлттық банктің 1 долларға шаққандағы 538,03 теңге бағамы бойынша 322,8 теңге). Сол көрсеткішке қарай жанармай құны жақындайды. Жыл соңына дейін баға баяу болса да өсетіні анық. Энергетика министрлігі жыл басында мемлекеттік реттеуден бас тартқанымен, баға бірден емес, біртіндеп көтерілуде. Егер осы үрдісті жалғасқан түрде қарасақ, жыл соңына дейін бензинге тағы кемінде 20–30 теңге қосылады. Бірақ бұл да ішкі нарықтағы шығынға әкеліп отырған ұсыныстарды түбегейлі шешпейді, – дейді сарапшы.

Себептері

Ол долларлық құннан бөлек, Қазақстан көршілес елдермен бағаны теңестіруге мәжбүр болатынын еске салды. Себебі арзан жанармай елден сыртқа кетіп жатыр. Сарапшының айтуынша, көрші мемлекеттерде баға екі есеге жуық жоғары. Мәселен, Қырғызстанда АИ-92 литрі 400–410 теңге шамасында, Ресейде де 400 теңгеге жуық. Ал Ресейде жанармайдың көтерме бағасы жаз бойы өсіп келеді, экспортқа ресми түрде тыйым салынған.

Серіктес жаңалықтары