×
539.55
627.55
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.55
627.55
6.7

«Алауыздық қоздыру»:Алматыда журналист Мейірболат Мырзатайұлы ұсталды

«Алауыздық қоздыру»:Алматыда журналист Мейірболат Мырзатайұлы ұсталды
ulysmedia коллажы

Алматыда тәуелсіз журналист Мейірболат Мырзатайұлы ұсталды. Оның үстінен қылмыстық кодекстің 174-бабы «алауыздық қоздыру» бойынша іс қозғалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алауыздық қоздыру»

3-ші қыркүйекте Алматы полиция департаментінің алдында бір топ белсенді жиналды. Олар Мейірболат Мырзатайұлын босатуды талап етті. Белсенділердің алдында тергеу басқармасы басшысының орынбасары Болат Қасымбаев шықты. Ол журналистік ұсталғанын растады.

«Бишуиновқа қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 174-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Сол бойынша қылмыстық-процесуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес, ұсталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қорғаушысы бар... Сол бойынша екі күн ішінде сот шешімімен санкциясын қарайды. Сотқа дейін отыра ма, отырмай ма деген сияқты», – деді Болат Қасымбаев.

Оның сөзінше, қылмыстық іс Алматы қаласында болған оқиғаға байланысты қозғалған. Заңға сәйкес, Мейірболат Бишуинов 48 сағатқа қамалған. Болат Қасымбаев ұстау кезінде Мейірболат Бишуиновке қоңғырау шалуға, адвокатын шақыруға мүмкіндік берілген.

«Қоңырау шалуға мүмкіндік бермеген»

Журналистің туыстары ұстау кезінде Мейірболат Бишуиновке қоңырау шалуға мүмкіндік берілмеген дейді. Сөздерінше, ол Талғарға қызметтік бабымен барып, қайтып келе жатқан жолда ұсталған. Машинасы ашық күйінде көшеде қалған. 2GIS қосымшасы арқылы көліктің қайда қалғанын көріп, іздеп барған.

«Кеше Қытай экспанциясы, жер мәселесін көтеріп қайтқан Талғар жақта. Сол ма деп ойлағанмын. Сөйтсем айтады, оның алдында бір орыс әйелді балағаттаған дейді. Енді оны неге бізге алдын ала айтпайды. Осындай іс бар сенің мойыныңда деп. Біреуді балағаттағансың деп... Төрт жарымда хабарласты, өйткені біздің ұлымыз бастауыш класста оқиды. Сол ұлымызды мектептен алуымыз керек. Мен төрт жарымда шықтым, алты жарымда болады екенмін. Сен баланы алуға өзің бара бер деді. Содан мен балаға кеттім. Сағат 6-7 ол бізді келіп алуы керек болатын. Біз сол жерде жеті жарымға дейін тостық. Екі баланы ертіп алып мектептің маңында жүрдік. Қазір 2GIS бар, қайда келе жатыр деп қарасақ, сол Магнумнен ары, Талғар тас жолының бойында тоқтаған. Бір сағат тұр, екі сағат тұр. Енді ол жүрегі ұстап, бірнәрсе болып қалмаса келетін еді деген ой болды. Содан кейін шұғыл қайын апайыма хабарластым», – деді әйелі Гүлшат Бишуинова.

«Құзырлы органдардың ешқайсысы мардымды жауап бермеді»

Мейірболат Бишуиновтің әпкесі Айгүл Бишуинова бауырымды таң атқанша іздедім дейді. Сөзінше, құзырлы органдардың ешқайсысы мардымды жауап бермеген, қайда екенін айтпаған. Ол осыдан кейін адам жоғалу дерегі бойынша полицияға арыз жазған.

«Қараңғыда бардым. 102 шақырдым. Олар күндіз кім күзетте болды соларда сұра деді. Звондап-звондап, олар айтты, Талғарға алып кетті деді. Сосын Талғарға барайын дедім. Бірақ құдай өзі кешірсін, машинаның маңайын ақтарып қарадым. Сосын алдым да көрші балаға айттым, машинаны жабайық енді деп. Штатиф, тағы бір құжаттар жатыр екен ішінде», – деді ол.

54 жастағы Мейірболат Бишуинов «Журналистік зерттеулер агенттігі» You Tube арнасының авторы. Бұған дейін ұзақ жыл мемлекеттік телеарналарда қызмет істеген. Қазір арнаның 64 мыңнан астам жазылушысы бар. Негізінен елдегі сот процестері, митинг, пикеттерден ақпарат таратады.

Серіктес жаңалықтары