×
535.13
627.44
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.13
627.44
6.52

Қазақстандықтар Анталья әуежайында төбелес шығарды

Бүгін, 14:04
Қазақстандықтар Анталья әуежайында төбелес шығарды
Видео кадры

Қазақстандықтар Анталья әуежайында төбелес шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға Түркияның туристік Анталья қаласында болған. Видеода бастапқыда екі ер адам жаға жыртысып, артынша тағы бірнеше адам төбелесе кеткен. 

ЖОЛДАУ

Айта кетейік, күні кеше президент кезекті жолдауында қоғамдағы дөрекілік туралы айтқан болатын. 

- Ашығын айтуымыз керек, қазіргі таңда адамдарда дөрекі сөйлеп, бір-біріне ерегісіп, жаға жыртысатын әдет бар. Осындай келеңсіз оқиғаларды, әсіресе, қоғамдық орындарда, жол бойында жиі көруге болады. Озық ойлы ұлт болу үшін мұндай жағымсыз әдеттен түбегейлі арылуымыз керек. Ұлы Абай «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп бекер айтпаған, деген еді президент. 

 

Серіктес жаңалықтары