×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бабақұмаровты тілдеген Қиқымов кімнің күйеубаласы?

31.01.2022, 11:51
Бабақұмаровты тілдеген Қиқымов кімнің күйеубаласы?
Фото: hommes.kz

 «НЕХабар» Telegram-арнасы ұйымдастырған дауыс беру кезінде қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов әкім  әріптесі Ержан Бабақұмаровқа тіл тигізіп, теріс мінездеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның мұндай әрекет етуіне Бабақұмаровты қолдаған «боттар» себеп болуы мүмкін. Дауыс берушілер арасында Бабақұмаовты қолдағандар көп болған. Ал біз Қиқымовтың кім екенін анықтап көрдік.

Фото: Мақсат Қиқымов

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов БТА банктің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындаған белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің күйеу баласы. 2018 жылы Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: Мұратхан Тоқмәди

Айта кету керек, Тәтішев бұл қылмысы үшін бұрын да жауап берген. 2004 жылы аң аулау кезінде абайсызда Тәтішевтің өліміне себепкер болғаны үшін 2007 жылы бір жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ оған рақымшылық жасалған.

Сондай-ақ, Тоқмәди бопсалау және заңсыз қару қолдану баптары бойынша сотталған.

Ал Тоқмәдидің күйеубаласы мен қызы Алматыда тұрады.

Фото: Мұратхан Тоқмәдидің қызы

Спортшы Қиқымов мемлекеттік қызметті де, күнделікті қарбалас тіршілігімен қатар алып жүр. Бұл ретте әкімнің орынбасары Telegram-арналар жариялаған ақпараттарға да белсенді түрде түсініктеме беріп үлгереді. Алайда, желі қолданушылары алматылық көпбалалы аналардың мәлімдемесіне де солай белсенді жауап бергенін қалайды. Әкімдікте Қиқымов әлеуметтік мәселелерді қадағалайды. Ол бұған дейін Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарған.

Мақсат Қиқымов 1986 жылы Қаскелеңде дүниеге келген. 2005 жылы «Банк ісі академиясы» колледжін, кейін Экономика және статистика академиясын, кейін Тұран университетін бітірген. Еңбек жолын «Қазпочта» АҚ Алматы пошта бөлімшесінде тағылымдамадан өтуден  бастаған. «Кредит Алтын Банк» АҚ басқарма мүшесі-бас есепші дәрежесіне дейін көтеріліп, банктерде түрлі қызметтер атқарды.

Одан кейін мемлекеттік қызметке – Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметіне ауысты. Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, туризм және сыртқы байланыстар басқармаларын кезекпен басқарды. 2020 жылдың қыркүйегінде мегаполис әкімінің орынбасары болып тағайындалды.