×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Шарында жойылып кетуі мүмкін жануар видеоға түсіп қалды

Бүгін, 13:41
Шарында жойылып кетуі мүмкін жануар видеоға түсіп қалды
Фото: видео кадры

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өте сирек кездесетін жануар видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Парк қызметкерлері Шарын ерен тоғайының аумағында ҚР Қызыл кітабына енген орман қарақасын (лесная соня) кадрға түсіріп алды. Қызыл кітапқа енген жануарды кездестіру – табиғаттың бізге берген ерекше сыйы дейді парк қызметкерлері. 

Мұндай сәттер табиғатты қорғау мен сақтаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

ҚЫЗЫЛ КІТАП

Орман қарақасы (Dryomys nitedula) Қазақстанның Қызыл кітабына 3-санат бойынша енгізілген, бұл оның ареалы қысқарып келе жатқан сирек түр екенін білдіреді. Сондай-ақ ол ТМД фаунасында монотипті туыстың жалғыз өкілі.

ЖАНУАР ТУРАЛЫ

Орман қарақасы (Dryomys nitedula) – ормандар мен бұталы тоғайларда тіршілік ететін ұсақ кеміргіш. Қазақстанның Қызыл кітабында ол «Д» санатымен енгізілген – яғни жеткілікті зерттелмеген, жойылып кету қаупі бар түр.

Орман қарақасына төнетін негізгі қауіптер – оның тіршілік ету ортасының бұзылуы, браконьерлік және климаттың өзгеруі. Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізімінде де ол сирек түр ретінде көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары