Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Архивтен сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің орындауындағы халық күйі «Естек» пен Мұхит Мералыұлының әйгілі «Зәуреш» әні сақталған. Бұл құнды мұралар «Архив–2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылды.
ДЕРЕКТЕР
Кей деректерге сүйенсек, сирек жазбалар 1930–1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға түсірілген.
Бұл тарихи жазбалар қазақ халқының бай музыкалық мұрасын сақтап қана қоймай, сол кезеңде ұлттық өнердің бүкіл Одақ көлемінде жоғары бағаланғанын айғақтайды. Сол жылдары «Известия» газетінде жарияланған Н. Изгоевтің мақаласында:
– “Казахи привезли такое искусство, которое близко и понятно не только казахскому народу – оно понятно всем… В протяжных казахских песнях мы слышали голос ковыльных степей, – деп жазылған.