×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Коронавирус: Елордада бизнес иелері үшін бірқатар шектеулер жеңілдетілді

02.02.2022, 12:52
Коронавирус: Елордада бизнес иелері үшін бірқатар шектеулер жеңілдетілді
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда эпидахуал әлі де көңіл көншітпейді. Қалада індет жұқтырғандар қатары азаймай тұр. Бұл туралы шаһардың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz. 

«Осы жылдың басынан бері елордада коронавирустық инфекциямен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдай аса күрделі болып отыр. Тұрақтану үрдісіне қарамастан тіркеу жоғары деңгейде қалуда. Тек бір тәулік ішінде 822 расталған жағдай тіркелді. 2022 жылдың басынан бастап 79 494 жағдай тіркелген еді. Бұл жалпы Қазақстан Республикасы бойынша барлық тіркелген жағдайлардың 45 пайызын құрайды», - деді ол.

Осы орайда бас санитар дәрігер Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында ведомствоаралық комиссия отырысында бизнес субъектілері үшін шектеулерді жеңілдету түрлері қаралып, мақұлданғанын айтады.

«Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 3 қаулысы қабылданды. Онда енгізілген өзгерістерге сәйкес, қала қай аймақта орналасқанына қарамастан, келушілер мен барлық персоналда «жасыл» мәртебе болған жағдайда Ashyq жобасына қатысушы келесі объектілерде шектеусіз қызмет етуге рұқсат етіледі: СОО, сауда үйлері мен сауда желілері, бассейндер, марафондар, көрмелер, караоке, діни объектілер. Бұл естелік, салтанатты іс-шараларға, конференцияларға, форумдарға да қатысты. Ал келесі объектілерге «көк» және «жасыл» мәртебе иелеріне кіру рұқсат етілгендіктен шектеулермен жұмыс істейді: театрлар, кинотеатрлар, океанариумдар, бильярд, компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, букмекерлік кеңселер, ЖОО, колледждер, орта білім беру ұйымдары, қоғамдық тамақтану объектілері», - деді Сархат Бейсенова.

Оның атап өтуінше, елорданың «қызыл» аймақта орналасқандығын ескере отырып, критерийлерге сәйкес, балаларды сауықтыру орталықтары, театрлар, океанариумдар, бильярд бөлмелері, боулингтер, цирктер, мейрамханалар, кафелер, кинотеатрлар сыйымдылығы 60 пайызға дейін жұмыс істеуге құқылы.

«Пандемия кезеңінде бизнестің барлық салаларында мұндай карантиндік жеңілдету шаралары әлі де болған жоқ. Бұл бизнестің белгіленген қауіпсіз жұмыс алгоритмін орындауға деген ерекше жауапкершілігін, сенімі мен міндеттемесін жүктейді», - деді ол.