×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

Жиһаз бен құрылыс қалдықтарын тастағандар айыппұл арқалауда

Бүгін, 18:00
Жиһаз бен құрылыс қалдықтарын тастағандар айыппұл арқалауда
фото: pkzsk.info

Құқық қорғаушылар қоқыс алаңдарын ластағаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Петропавл қаласында Карим Сутюшев көшесіндегі үйлердің бірінде тұратын азамат құрылыс қалдықтарын тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады pkzsk.info. Полиция өкілдері абаттандыру ережелерін сақтау мәселесін өзекті тақырыптардың бірі деп атады.

– Бұл тек коммуналдық қызметтің, учаскелік инспектордың немесе пәтер иелерінің кооперативінің мәселесі емес, ең алдымен тұрғындардың өз жауапкершілігі. Еске саламыз: көлемді қоқысты, жиһаз заттарын контейнер жанындағы алаңға шығару – абаттандыру ережелерін бұзу болып саналады, – деді Петропавл қалалық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Айдын Ахмағамбетов.

ЖАЗА

Ережені бұзғандар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес жазаланады. Бұл шамамен 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл.

Серіктес жаңалықтары