×
545.67
636.41
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.67
636.41
6.57

Катонқарағайда суыр қызық кейіпте видеоға түсіп қалған

Бүгін, 14:00
Катонқарағайда суыр қызық кейіпте видеоға түсіп қалған
Видео кадры

Катонқарағай ұлттық паркінде суыр қызық кейіпте видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Видеоқақпанға түскен суыр қозғалмай 20 секунд бойы тұрып қалған. 

- Суырлар да адамдар сияқты екен ғой. Бұл сұр суыр фотоқақпанды көріп, өзін фотоға түсіріп жатыр деп ойлаған ғой. Бірақ бұл фото емес, видео еді! Қозғалмай тұрған бейнесінің өзі – бір көрініс!, делінген жазбада. 

СУЫРЛАР

Айта кетейік, Қазақстанда суырлар негізінен дала мен таулы аймақтарда, әсіресе Алтай, Тарбағатай және Жоңғар Алатауында мекендейді. Олар ін қазып, отбасымен тіршілік етеді және экожүйеде маңызды рөл атқарады, себебі топырақты қопсытып, өсімдіктердің өсуіне ықпал етеді. Қыс мезгілінде суырлар ұзақ ұйқыға кетіп, көктемде ғана оянады.

Серіктес жаңалықтары