×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Алматыда 200-ден астам кәсіпкер келтірілген шығын үшін өтемақы алды

05.02.2022, 10:46
Фото: ашық дереккөз

Алматыда 200-ден астам кәсіпкерге келтірілген шығынның орнын толтырып берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Инвестициялар және кәсіпкерлік басқармасы мәлімдеді.

«Қаңтардағы қайғылы оқиғадан зардап шеккен ШОБ субъектілеріне келтірілген шығынды өтеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысында 337,4 млн теңгеге 204 өтініш қанағаттандырылды.

Оның ішінде «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры арқылы 208,3 млн теңге сомасына 111 өтініш жолданды (Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтері бойынша 3 млн. теңгеге дейін шығыны бар кәсіпкерлерге); 93 кәсіпкерге 129,1 млн теңге сомасында бюджет қаражаты есебінен өтемақы. Комиссия жұмысы басталғаннан бері барлығы 370,3 млн.теңгеге 221 өтінім мақұлданды», - делінген хабарламада.

Басқарма комиссия жұмысы жалғасып жатқанын атап өтті. Кәсіпкерлердің өтініштері ұсынылған құжаттардың толықтығына мұқият зерделеніп, комиссия мүшелері ашық дауыс беру арқылы қарайды.

Серіктес жаңалықтары