×
538.63
622.23
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.63
622.23
6.71

"Қорқақ, кішкентай бала сияқтысың" - Димаш Байділдиновке жауап берді

Бүгін, 14:19
"Қорқақ, кішкентай бала сияқтысың" - Димаш Байділдиновке жауап берді
Ulysmedia.kz коллажы

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдиновті сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Димаш Құдайберген «қазақтар әлемнің барлық тілін құрметтейтін халық» екенін атап өтті.

– Бірақ құрмет ең алдымен өзіңнен басталады. Өз тілінен ұялып, өзге біреудің мақтауын аңсаған адам сөзін емес, тамырын жоғалтады. Олжас, сен секілді арандатушы адамды жұмыстан шығарады деп үміттенемін. Сен қорқақ кішкентай бала сияқтысың. Қазақ тілінде жазған жоқпын, өйткені сен қазақ тілін білмейсің, – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Әншінің бұлай жазуына Олжас Байділдиновтің бұған дейінгі сөзі себеп болған. Ол бір сұхбатында Қазақстанның оңтүстігінен төмен орналасқан елдерде жастар орыс тілінде сөйлемейтінін, сол себепті Ресейге келетін мигранттардың «сапасы төмендеп бара жатқанын» айтқан еді.

КОНТЕКСТ

13 қазан күні саясаттанушы Руслан Түсіпбеков те Байділдиновтің сөзіне назар аударып, оны «ресейлік империялық нарративтерді таратты» деп айыптаған болатын.

ЖОЛ АҚЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ДАУ

Еске салайық, бұған дейін Байділдинов Астана мен Алматыдағы қоғамдық көлікте жол ақысы 500 теңге болуы керек деп мәлімдеді. Байділдиновтың айтуынша, көлік компаниялары шығынмен жұмыс істеп отыр, ал қазіргі тарифтер олардың шығынын жаппайды. 

Сарапшының өзі Ұлысқа берген сұхбатында даудың “артында кімдер тұрғанын” айтты

Серіктес жаңалықтары