Қойма ағымдағы жылдың қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздіктердің ошағынан табылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы Polisia.kz-де жарияланды.
«Жедел іс-шараларды жүргізу барысында «Самал» ықшамауданында Мемлекеттік мұражайдың жанынан қызметтік-іздеуші ит арсенал қоймасын тапты. Жасырылған жерден травматикалық қарулар мен гранаталар тәркіленді. Жақын жердегі қоқыс жәшігінен патрондар табылды: 12 калибрлі – 19 дана, 7,62 калибрлі – 7 дана, 5,45 калибрлі – 4 дана. Оқ-дәрілердің тиесілігі тексеру барысында анықталады», - дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.