×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанның вакцинация паспортымен қай елдерге баруға болады

24.09.2021, 13:31
фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі COVID-19-ға қарсы отандық вакцинация паспортын тану туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2021 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша, еліміздің сыртқы істер министрлігі Грузия, Қырғызстан, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Таиланд және Түркияның уәкілетті органдарымен вакцинация паспорттарын өзара тану бойынша ноталармен алмасу жұмыстарын жүргізді.

Осылайша, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсынан өткен Қазақстан және жоғарыда аталған елдердің азаматтары COVID-19-ге қарсы вакцинация паспорттары негізінде мемлекеттік шекараларды карантиндік шектеулерсіз (ПТР тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады.

Сонымен бірге Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шетелдік мемлекеттердің вакцинация паспорттарын біржақты тәртіппен таныды және келушілерге кіруді жеңілдетті. Аталған елдерге бару үшін Қазақстан азаматтарына шеқаралық өткізу пунктерінде COVID-19-ға қарсы вакцинацияны растайтын құжатты ұсыну жеткілікті.

Бүгін Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппиндер және т.б. мемлекеттермен COVID-19-ға қарсы вакцинация паспорттарын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Тиісті жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда, осы мәселе Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің бақылауында тұр.

Серіктес жаңалықтары