×
535.83
624.94
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.83
624.94
6.69

Маңғыстаудағы кен орны жұмысшылары президентке үндеу жасады

Бүгін, 13:01
Маңғыстаудағы кен орны жұмысшылары президентке үндеу жасады
видео кадры

«Маңғыстаумұнайгаз» нысандарында қызмет ететін мердігер ұйымдардың жұмысшылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және мұнай компанияларының басшылығына ашық үндеу жариялады. Олар еңбек жағдайының нашарлығы, қорғаныс құралдарының жоқтығы, әлеуметтік төлемдердің кешіктірілуі мен жалақыдағы теңсіздікке шағымдануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Lada.kz мәліметінше, ашық хатқа «Akadi Holding» және «AV Construction» компанияларының қызметкерлері қол қойған. Олар өз үндеуін президентпен қатар Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновке және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Вэнь Цзяцзюньге жолдаған.

Жұмысшылардың айтуынша, олар әлі күнге дейін өздерінің заңды құқықтарын қорғауда нәтиже көрмей отыр.

– Біз жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілмегенбіз. Міндетті зейнетақы мен медициналық аударымдар уақытылы төленбейді. Ақылы еңбек демалысы берілмейді, – делінген үндеуде.

Бұдан бөлек, қызметкерлер жалақыны «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ көлік департаменті жұмысшыларының еңбекақысымен теңестіруді талап етті.

– Біз компания басшылығынан нақты жауап беруді және еңбек жағдайын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдауды сұраймыз, – деп жазылған хатта.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда жұмыссыз азаматтар үндеу жасап, президенттің араласуын сұраған болатын. 

Серіктес жаңалықтары