×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Қамаудағы белсенді ісі: Мирболат Мырзатайұлы сотқа қатысудан бас тартты

Қамаудағы белсенді ісі: Мирболат Мырзатайұлы сотқа қатысудан бас тартты
ulysmedia.kz коллажы

Алматыда белсенді, блогер Мирболат Мырзатайұлының ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды. Процеске айыпталушының өзі №72 мекемеден онлайн қосылды. Ол соттан өзін процеске офлайн қатыстыруды сұрады. Судья оның өтінішхатын қанағаттаныдудан бас тартты. Осыдан кейін Мирболат Мырзатайұлы сотқа қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.

«Онлайн соттарыңа қатыспаймын»

3 қарашада өткен сот процесінде Мирболат Мырзатайұлы байланыстың нашарлығына шағымданды. Ол адвокаттарының да, судьяның да дауысын естімейтінін айтты. «Мен мына онлайн соттарыңа қарсымын» деді ол.

«Менің де құқығым бар шығар, өз құқығымды қорғауға. Естілмейді, түк естіп отырған жоқпын. Түк естілмейді, жігіттер, мен кеттім», – деп сотқа қатысудан бас тартты Мирболат Мырзатайұлы.

Ол «Егер үкіметтің шамасы келмесе, сотқа өзім яндекс такси шақырып барайын» деді.

Мирболат Мырзатайұлының әйелі Гүлшат Бишуинова да күйеуінің сотқа онлайн қатысуына қарсылық білдірді.

«Кішкентай балаларымызды тастап келіп отырмыз. Халықтан қорықпау керек, халық жеп қоймайды ғой. Халық жау емес ешқандай. Әкеліп соттаңыздар, соттайтын болсаңыздар», – деді ол судьяға.

«Сот ашықтығы толықтай сақталған»

Судья соттың ашықтығы толықтай қамтамасыз етіліп отырғанын айтты.

«Түзету мекемесі алыс орналасқан. Процестің уақытылы басталуына кедергі келтіріп отыр. Әйтпесе сот мәжілісі ашық. Ашықтығын ешкім бұзып жатқан жоқ», – деді судья.

Судьяға сенімсіздік

Адвокат Айман Құрманбаева судьяға сенімсіздік білдіретінін айтты. Судья сенімсіздік өтінішхаты сотталушының қатысуымен ғана қабылданатынын айтты. Ол сотталушының процеске қатысудан бас тартуына байланысты үзіліс жариялады.

Процестен кейін Ulysmedia тілшісі Мирболат Мырзатайұлының тағы бір қорғаушысы Жанар Балғабаевамен тілдесті.

«Егер Мирболатты сотқа қатыстырса, онда судьяға сенімсіздік жариялаймыз. Егер Мирболат шықпаса, онда әрі қарай көреміз», – деді ол.

Ашық хат және белсенділер талабы

Мирболат Мырзатайұлының жақтастары соттың ашық болуын, оның өзін сот залына алып келуді талап етіп, президент, бас прокурор және жоғары сотқа ашық хат жазды. Олар сот ғимараты алдында «Мирболатқа бостандық!» деп ұрандатты.

Әкімдік ескертуі

Өзін Алматы әкімдігінің өкілімін деп таныстырған Дәулетхан Нәлібаев шараның заңсыз екенін ескертті.

«Бұған әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік бар», – деді ол.

Сотқа келген белсенділерді полиция сырттай бақылап тұрды.

Тағылған айып

Мирболат Мырзатайұлына қылмыстық кодекстің 174-бабы «алауыздықты қоздыру» бойынша айып тағылған. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Істің саяси астары бар деп есептейді.

«Бишуиновқа қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 174-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Сол бойынша қылмыстық-процесуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес, ұсталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қорғаушысы бар... Сол бойынша екі күн ішінде сот шешімімен санкциясын қарайды. Сотқа дейін отыра ма, отырмай ма деген сияқты», – деген сол уақытта Аламыт қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Болат Қасымбаев сол уақытта.

«Журналистік зерттеулер агенттігі» You Tube арнасының авторы, 54 жастағы Мейірболат Мырзатайұлы 2-ші қыркүйекте ұсталған. 

Серіктес жаңалықтары