×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қырғызстан құқық қорғаушылары өз азаматтарын құтқару үшін Қазақстанға келді

09.02.2022, 15:24
Фото: ашық дереккөзден

Қырғызстанның Омбудсмен институты мен Азаптаудың алдын алу ұлттық орталығының өкілдері өз азаматтарының құқығын қорғау үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

9 ақпанда қырғызстандық құқық қорғаушылар Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаевпен кездескен. Ол Алматыда ұсталғандардың ішінде қырғыз азаматтары жоқ екенін айтқан. Бірақ Чолпонбек Сыдыков пен Викрам Рузахуновқа қатысты тергеу ісі жүріп жатқанын жеткізген. 

Құқық қорғаушылар 10 ақпанда Тараз қаласына баратынын хабарлады. Онда қазір тергеу абақтысында екі қырғыз азаматы отыр.

Қасіретті қаңтар оқиғасында Қырғызстанның он азаматы ұсталғаны хабарланған. Кейін олардың бәрі босатылған. Бұдан бөлек екі қырғыз азаматы қайтыс болды.

Алматыда азапталған Чолпонбек Сыдыковқа операция жасалған. Оның аяғы, қабырғалары сынған. Миына зақым келген.

Серіктес жаңалықтары